БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮҒА ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды жүргізуге басымдық беруде.

Тексеру іс-шараларына қатысты

Бұзылған құқықтарды қорғау жұмысында жеке және заңды тұлғалардың                         арыз-шағымдары негізінде жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ жоспарлы тексеру жұмыстары ерекше маңызға ие.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласыныдағы бақылау бағыты бойынша 25 тексеру іс-шаралары жүргізіліп, олардың нәтижелерімен 176 бұзушылық анықталған, оның 119 жойылған, мемлекеттік органдарға енгізілген нұсқамалардың барлығы орындалған. Тексеру іс-шараларының қорытындыларымен 17 қызметшінің құқығы қорғалды.

Осы ретте, Департаментпен мемлекеттік органдарда жүргізілген тексеру                        іс-шараларының нәтижесімен 3 мемлекеттік қызметшіге қатысты қабылданған тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың күші жойылды, 2 мемлекеттік қызметшіге басқа лауазымды қоса атқарғандары үшін төленуі тиіс қаржының төленуі қамтамасыз етілді, 2 мемлекеттік қызметшіге сыйақының берілуі қаматамасыз етілді, 1 мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысына қатысты сауықтыру жәрдемақысының төленуі қамтамасыз етілді, 1 мемлекеттік қызметшінің бағалауға қатысты арызының заңнама талаптарына сәйкес қаралуы қамтамасыз етілді, 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты жұмыстан шығару туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп, онымен толық есеп айырысуды жүргізу қамтамасыз етілді.

 

Талдау жұмыстарына қатысты

Мемлекеттік қызметшілердің заңмен кепілдік берілген әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және заңнама талаптарының бұзылуын алдын-алу мақсатында, Департаментпен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша талдау іс-шаралары кеңінен жүргізілуде.

Талдаулар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуының ағымдағы жағдайы мен жай-күйін анықтауға және құқықтық баға беруге, бұзушылықтардың профилактикасын жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау нәтижелерімен жалпы 86 бұзушылық анықталып, жүргізілген талдау қорытындыларымен олардың жойылуы қамтамасыз етілді, 41 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасына жүргізілген талдау нәтижесімен 46 қызметшінің өздеріне қатысты қабылданған бұйрықтармен танысуы қамтамасыз етілді, сондай-ақ 1 мемлекеттік қызметшіге негізсіз қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің іссапарға шығуы кезінде құқықтарының сақталуын талдау нәтижесінде негізсіз толық көлемде төленбеген іссапар шығыстарын төлету арқылы 38 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға төленбей қалған қаржының төленуі қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек,                      2 мемлекеттік қызметшіге негізсіз берілмеген сыйақының берілуі қамтамасыз етілді.

 

Мониторинг жұмыстары

Осы орайда, қатардағы қызметшілердің құқықтарының бұзылуын алдын-алу, бұзушылықтарды болдырмау және жою бағытында өзінің елеулі үлесін қосып жатқан мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүргізіліп отырған мониторинг жұмыстарын ерекше атап өткім келеді.

Ағымдағы жылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына 30 мониторинг жүргізілген. Нәтижесімен 84 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы жүргізілген мониторинг барысында жұмыс уақытынан тыс жұмыста отырған                              79 қызметшіге, ал мемлекеттік органдарға бармай жүргізілген мониторинг нәтижесімен                    5 қызметшіге тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етіліп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.

 

Түсіндірме іс-шаралары

Профилактикалық жұмыстар, сонымен бірге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы жүзеге асырылуда.

Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырылуда. Өткізіліп отырған кездесулер барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, оның заңнамалық негіздері талқыланады, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылады.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 2-тоқсанының өзінде Департаментпен «Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау мәселелері», «Әдеп жөнідегі уәкілдердің атқарған қызметіне жүргізілген талдау қорытындылары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселері» тақырыбында түсіндірме семинар тренингтер өткізілді.

 

Мемлекеттік қызметшілердің еріктілер қызметіне қатысуына қатысты

Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талаптар қояды. Әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті.

Өз басының қара қамын ғана ойламай, әрдайым елдік мұратты биік қоя білу, елге адал қызмет ету мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуы тиіс негізгі қасиеттердің бірі.                             Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Мемлекеттік қызметшілердің өздерінің негізгі жұмыстарын сапалы және адал атқарумен қатар, бос уақыттарында волонтерлік қызметке өз еріктерімен белсене қатысуы көңіл қуантады.

2023 жылдан бастап Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы жұмыс жасайды. Кеңестің мақсаты азаматтар мен жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Еріктілермен ағымдағы жылдың өзінде «Қайырымдылық — жүректен», «Мәдени мұра», «23 Наурыз – Тазару күні», «Экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз», «Тегін заң көмегі күні» атты акциялары өткізілген.

Осы орайда, адамгершілік пен адалдықты, еңбекқорлық пен мейірімділікті, ұлтжандылық пен отаншылдықты бәрінен жоғары қоятын және өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы және кәсіби түрде атқарумен қатар волонтерлік қызметке белсене қатысатын мемлекеттік қызметшілер әрдайым мақтауға және қадірленуге лайық.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Қадырбеков Қанат Керімханұлы.