ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫН НЕ ТОЛҒАНДЫРАДЫ?

137
0

2018 жылы Шымкенттегі Еңбекші ауданында 20 көшеге орташа жөндеу, 12 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізіліп, 37 көшеге шағал тас төселген. 2017 жылы жарықтандыру жұмыстары басталған 6 көшеде атап айтқанда, «Шапағат» шағынауданындағы С.Әлібекұлы, Қ.Садықұлы, К.Цеткин, «Сайрам» шағынауданындағы №65 мектептің жолы, Жолан батыр және Еламан көшелерінде тиісті құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда оларды іске қосу шаралары атқарылуда.

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2018 жылы атқарылған жұмыстарын түйіндеу бойынша тұрғындар алдында есеп беру жиынында осылай деді.
Өз кезегінде ол өткен жылы аяқталған негізгі жұмыстарын қорытындылай келе, алдағы уақытта аудан тұрғындарын толғандыратын инженерлік жүйелерді реттеу, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бекіткен 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді.

uakit.kz