АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР КӨП

191
0

Былтыр Шымкенттегі Абай ауданы аумағындағы 685 көшенің санитарлық тазалау жұмыстарына қазынадан 255 миллионнан астам қаржы қаралған. Сонымен қатар, 55 млн.нан астам теңгеге көпқабатты тұрғын үйлер мен ішкі орамдық көшелердегі қураған талдарды бұтау, шөп ору жұмыстары жүргізілген.

Шымкенттегі Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов «Қазығұрт» шағынауданындағы №66 мектепте халық алдындағы есебі кезінде осылай деді. Өз кезегінде ол Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша ауданда 100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылғанын алға тартты.
Басқосуда Б. Парманов ауданда электр энергиясы, ауыз су және көгілдір отын сынды инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған нақты жұмыстарды да саралады.

uakit.kz