2020 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖӨНІ БӨЛЕК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

415
0

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елдімекенінен 2020 жылы құны 500 млн. долларды құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады, деп хабарлайды uakit.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жылыжай үшін жергілікті билік 245 гектар жер телімінің бөлінуін жолға қойып отыр. Оның 220 гектары жылыжай кешені болса, ал 25 гектарға дайын өнімді сақтайтын заманауи нысан салынбақ. Жобаны толығымен түркиялық «Dal Holding Investment Cо., Ltd» компаниясы жүзеге асыратын болады. Бизнес-жобаға сәйкес, жылыжай кешенінде қияр, қызанақ пен болгар бұрышы өсіріледі. Сондай-ақ, заманауи жылыжай кешенінде 3 мың адам жұмыспен қамтылады деп болжанып отыр.

uakit.kz