«ЖАБАЙ АТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛЫЖАЙЫ ЖАЙНАП ТҰР

«ЖАБАЙ АТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛЫЖАЙЫ ЖАЙНАП ТҰР

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы  «Жабай ата» шаруа қожалығына тиесілі жылыжайда еңбек көрігі қызып тұр. Барлығы 80 адам жұмыспен қамтылған жылыжайда 4200 тонна өнім алу жоспарланған. Бүгінде заманауи технологиямен жұмыс істейтін 28 гектар жылыжайда  қызанақ пен баклажан өнімдері өндірілуде. Жобаның жалпы құны 1,8 млрд. теңге.

2009 жылы негізі қаланған «Жабай ата» шаруа қожалығынына тиесілі жер көлемі 30 гектар болса, 28 гектарына жылыжай салынған. Биыл оның 24 гектарына қызанақ, 4 гектарына баклажан егілген. Жалпы алғанда онда 840 мың түп көшет отырғызылған. Өнімді ойдағыдай өндіру үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады. Қожалық төрағасы Ергеш Төребеков отырғызылған әрбір көшеттен 4-5 келі өнім алуды көздеп отырғанын, бұл үшін жылыжайда тиісті жағдайдың бәрі жасалғанын алға тартты.

Сонымен қатар ол, дайын өнімдер өз өңірімізден бөлек,  Астана, Алматы қалалары және солтүстік облыстарға жөнелтілетінін жеткізді.

Жалпы «Жабай ата» шаруа қожалығындағы өндірілген өнімдердің 50 пайызға жуығы Ресей еліне экспортталады.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ