КЕНТАУДА 180 ОТБАСЫ ӨЗ БАСПАНАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

КЕНТАУДА 180 ОТБАСЫ ӨЗ БАСПАНАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, бірқатар атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі  қарсаңында болған жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы қаладағы баспаналы болған 180 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстап, құттықтады.

«Баспана беру реті ережеге сәйкес кезек бойынша беріліп отыр. Дегенмен, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға, көпбалалы отбасыларға баспанамен қамту жағына басымдық берілген. Тағы бір айтар қуанышты жаңалығымыз Кентау қаласының жаңа мөлтек ауданынан көпқабатты 10 үйдің құрылысы басталып, іргетасы қаланды. Демек, келер жылы жүздеген отбасы өз баспаналарына қол жеткізетін болады. Осының барлығы құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі, халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы, Елбасының халыққа деген қамқорлығы»-деді облыс әкімі.

Жалпы мереке қарсаңында Кентау қаласында 180 отбасы баспаналы болды. 60 пәтерлі көпқабатты 3 тұрғын үйдің 90 пәтері – көпбалалы отбасыларға, ал 37-сі – жетім балаларға, қалған 53 пәтер – “Нұрлы жер” бағдарламасымен беріліп отыр. Ағымдағы жылдың соңына қарай тағы 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы жыл соңына дейін Кентау қаласының 300-ге жуық отбасын баспанамен қамту жоспарлануда.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ