«ШЫМКЕНТ – ШАТТЫҚ ШЫРАҒЫ»

Осындай тақырыппен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында жас ақындар мүшәйрасы өтті. Шараны «Серпіліс» қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен ұйымдастырды.

Мүшәйраға қатысуға Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 40 өтінім түсіп, 12 ақын іріктеліп алынған. Бұл жарысқа сол іріктеуден өткен 10 ақын қатысты. Олардың қатарында Дәурен Айманбет, Дәурен Тілеухан, Әлібек Азамат, Ғалым Қасымхан, Арқалық Әмәлият, Арайлым Мұраталиева және т.б. бар.

Алдын ала жарияланған шарттар бойынша мүшәйраға қатысқан ақындар жиналғандарға  екі өлеңін паш етті. Олардың алғашқысы ел егемендігі, Шымкент шаһары туралы тақырыпта өрілген өлең жолдары болса, екіншісі еркін тақырып бойынша шалқыған шабыттан туған жырлар болды.

Өз кезегінде шараны жүргізген «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова мүшәйраға бар шабытын тербетіп, басты құндылығымыз — тәуелсіздік туралы көсіліп өлең шығарған ақындарға алғыс білдірді.

Ақын, аудармашы, Абай Қалшабек төрағалық еткен әділ қазылар алқасының шешімімен «Шымкент – шаттық шырағы» атты ақындар мүшәйрасының жеңімпазы болып Арқалық Әмәлият танылды. Ал екінші орын Дәурен Айманбетке берілсе, үшінші орын Арайлым Арайлым Мұраталиеваға бұйырды.

uakit.kz

Сурет авторы: Азат Дидарбек

ПІКІР ЖАЗУ