АБАЙДАҒЫ 10 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ АҚСАП ТҰР

207
0

Шымкент қаласы, Абай ауданындағы бірқатар елді мекендерді  ауыз сумен қамту мәселесі ақсап тұр.  Мәселен. ауданда 34 елді мекен бар болса, соның 24-і немесе 76,5 пайызы сапалы ауыз сумен түгел қамтылған. Ал қалған 10 елді мекен тұрғындары жер асты суын  тұтыну немесе тіршілік нәрін тасып ішуден басқа амалы қалмауда

Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықтағы брифингте  Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов мәлімдеді.

Сонымен қатар ол, алдағы жылы аудандағы елді мекендердің ауыз су жүйесіне қосылу көрсеткішін 81,7 пайызға жеткізу жоспарлануда екенін айта келе: «Ақжар», «Айкөл» елді мекендеріне ауыз су жүйелерін тарту жұмыстары биыл аяқталады. Ал 2020 жылы «Жаңаталап» тұрғын алабында  су жүйесін тарту жұмыстары басталады. Сондай-ақ, келер  жылы  2 млрд. 168 млн. теңгеге «Жаңаталап», «Қызылжар», «Игілік», «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Көкбұлақ» тұрғын алабтарындағы 3 707 үйге  ауыз су жүйесін жүргізу жоспарлануда»,-деді.

Осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Ғалымжан Әнуарұлы бүгінде  қалалық   энергетика  коммуналдық шаруашылық басқармасы

«Ақтас», «Солтүстік саяжай», «Ынтымақ-2», «Батыс»  елді мекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғын үйге ауыз су жүйесін тарту үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттар дайындап жатқанын айтты. Бұл үшін бюджеттен 86,1 млн. теңге қаралған.

uakit.kz