300-ГЕ ЖУЫҚ МАМАН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Осы айда Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы жедел жәрдем стансаларына 279 жас маман жұмысқа қабылданды. Оларды арнайы құрылған комиссия іріктеді. Жалпы жедел жәрдем стансаларында жұмыс істеуге барлығы 318 үміткер ниет білдірген. Басы ауырып, балтыры сыздағандарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге бел буған мамандар іріктеу кезінде комиссия мүшелеріне өздерінің теориялық білімдері мен алғашқы медициналық көмек берудің тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмысқа қабылданған мамандардың 86-сы көп балалы отбасында тәрбиеленген. Жұмысқа қабылданғандардың арасында ата-анасының мүмкіндігі шектеулі 20-ға жуық жас бар.