БЫЛТЫР ЕЛІМІЗДЕ 870 МЫҢНАН АСТАМ ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬ ТІРКЕЛГЕН

Тіркелген жеңіл көліктердің 84,4 пайызы бензинмен жүреді.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде  871078 жеңіл автомобиль тіркелген, деп хабарлайды  uakit.kz ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегіне сілтеме жасап.

Былтыр тіркелген автомобильдер саны 2018 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайған.

Тіркелген көліктердің 84,4 пайызы бензинмен жүреді.

Комитет дерегіне сүйенсек былтыр қаңтар-желтоқсанда 24585 адам зардап шеккен 16614 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда апаттылық 5%-ға ұлғайған.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ