КОРОНАВИРУС: ДЕРТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 60 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

179
0

Сарапшылар эпидемияның қашан басылатынын әзірге айта алмай отыр.

Жапонияның Йокогама қаласының жағасында коронавирустан соң карантинге жабылған кемеде 50 мемлекеттің 3700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде 174 жолаушының коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. Круиз лайнерінде Қазақстан Республикасының 4 азаматы бар. Олар әзірге дауасы табылмай жатқан коронавирустан дін аман. Карантин 19-ақпанда аяқталады.

epa08191510 Light boats travel before the Diamond Princess cruise ship, anchored in quarantine off the port of Yokohama, in Yokohama, Japan, 04 February 2020. More 3,700 people, including passengers and staff members, are being tested for coronavirus infection after a passenger who was previously onboard tested positive for the virus in Hong Kong on 01 February. EPA/FRANCK ROBICHON

Бұл туралы Денсаулық сақтау минисистрлігінің өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Кеме осы айдың басынан бері карантинде тұрғанын айта кетейік.

Соңғы тәулікте Қытайдың Хубэй провинциясында бір күннің ішінде коронавирустан 243 адам қаза тауып, 14840 адам вирус жұқтырған. Бұл қауіпті вирус пайда болғаннан бергі рекордтық көрсеткіш.

Осылайша бүгінгі жағдай бойынша Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1355 адамға жетіп отыр. Жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтады. Кеше бұл көрсеткіш 44,6 мың адам болатын.

Пекин 12-ақпаннан бастап коронавирус жұқтырғандарды жаңа әдіспен санауды бастады. Бұған дейін вирустың жұқтырылғаны сынамалар алу арқылы зерттелсе, енді оны өкпені рентгенге түсіріп-ақ анықтауға қол жеткізіп отыр. Дерт тарағалы бері вирусты жұқтырғандардың ең көп көрсеткішінің  бүгін байқалуын дәрігерлер осындай жаңалықпен байланыстырады.

Ал жалпы әлемдегі 30-дан астам елде 565 адамның коронавирус жұқтырған.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз