ҚАЗАҚСТАНДА ВИРТУАЛ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

160
0

Мамандар оған i-Sanj есімін берді.

Қазақстанда ең алғашқы робот-тележүргізуші өз қызметіне кірісті. Ол Atameken Business телеарнасындағы Bloomberg жаңалықтарын жүргізеді. Өте сәтті дайындалған ІТ өнім дәлірегі, виртуалды жүргізушінің жұмысқа кірісуіне теларна отандық білікті мамандармен көп уақыт жұмсаған. Бұл туралы «Atameken Business» Медихолдингінің Бас директоры Қанат Сахария «Баршаңызға мәлім технология күн санап дамып келеді. Осыған орай біздің телеарна Қазақстанда алғаш болып виртуалды жүргізуші i-Sanj-ды іске қосты. Оны іске қосу үшін бір жылдай уақыт кетті. Біз бұл жоба арқылы болашаққа қадам басып жатырмыз»,- деді.

Танымал актер Санжар Мәдидің прототипі негізінде құрылған алғашқы қазақстандық виртуал жүргізуші – i-Sanj деп аталады.

Өз кезегінде Санжар Мәди инновациялық және интеллектуалдық эксперименттерді қолдайтындықтан виртуалды диктордың «тұлғасы» болу ұсынысына қуана келісімін берген.  Бұл туралы ол аталған телеарнаға берген сұхбатында «Қуана келістім. Бірақ бір ғана шартым болды. Ол соңғы кездері негативті жаңалықтар көп болып жатыр. Мен ішкі жан дүниемде бір тепе- теңдікті ұстап тұруға тырысамын. Негізгі шарт менің кейіпкерім саясатқа араласпағанын жөн санадым. Осы ұсынысымды жеткіздім. Жаңалықтар жағымды болуы керерк»,- деді.

Телеарнадағы біраз жүргізушілердің бойына  «роботтар бізге бәсеке болмас па екен?» деген  толқу тудырған i-Sanj телеарнаның экономикалық жаңалықтар блогында  хабар таратуды осы аптаның сәрсенбісінде бастаған. Жалпы әлемдегі ең  алғашқы виртуалды жүргізуші 2018 жылы Қытайда пайда болған. Сол кезде бұл бірегей жобаны жүзеге асырған мамандар кез келген адамның робот нұсқасын жүргізушіге айналдыруға болатынын айтып, айды аспанға бір-ақ шығарған. Сонымен қатар қытайлық «Синьхуа» ақпарат агенттігі  виртуал жүргізуші телеарналарда біраз шығындарды азайтуға көмектесетенін, себебі оларға  грим жасау немесе еңбекақы төлеу қажет емес екенін алға тартқан. Сондай-ақ, агенттік виртуалды тележүргізушінің күндіз-түні дем алмай жұмыс істей беретін «құдіретке» ие екенін атап өткен. 
uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз