ОЙНАЙМЫН ДЕП ОТ БАСТЫ

Мәскеу метросында Қытайда кең таралып жатқан қауіпті коронавирус індеті жөнінде әзілдеген тәжік азаматы Кароматулло Джабборовтың 7 жылға дейін сотталу қаупі тұр, деп хабарлайды uakit.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде журналистерге оның адвокаты Роман Шахматов хабарлаған.

«Оған тағылған «бұзақылық» бабн «алдын ала келісілген бұзақылық жасау» бабымен ауыстырды. Бұл бап бойынша айыпталушы қылмыс жасады деп саналады, және 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді айыпталушының адвокаты.

Ресей ІІМ мәліметінше, 2-ақпанда Мәскеу метросы станцияларының бірінде ер азамат ауырған сияқты болып жерге сұлқ  құлаған. Ол коронавирус жұқтырғанын айтып, айқайлаған. Бұл жолаушылардың үрейін туғызған. Кейін бұл видео әлеуметтік желілерде кең тарап кетті.

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда қауіпті індеттен 2 000 — ға жуық адам қайтыс болды.

uakit.kz

Сурет: Азаттық радиосы