ТҮРКІСТАНДА БАРЛЫҚ АВТОВОКЗАЛДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Түркістан облысында 3-сәуірдегі соңғы ақпаратқа сәйкес,  коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 16 адамға жетіп отыр.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде  10 науқас Жетісай  ауданынан болып табылады.  Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласында — 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам  аудандарында 1 адамнан тіркелді. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Облыста аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Вирустың таралуына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгіннен бастап облыстағы барлық автовокзалдар мен автобекеттердің қызметтері уақытша тоқтатылды.

Жергілікті билік қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін тұрғындарға барынша сақ болуға, арнайы масканы пайдалануға, гигиеналық талаптарды сақтауға шақырады.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ