ШЫМКЕНТ: ЕГІС АЛҚАПТАРЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

333
0

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері егіс алқаптарының бойында минералды жолақтардың жүргізілуіне бақылау жасауды жалғастыруда. Кезекті рейдті Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жаңаталап елдімекенінде өткізді.

Жауапты мамандар шаруа қожалықтарына ерекше назар аударып, оларды егілген алаңдарда, бау-бақша учаскелерінің айналасында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Бөлім қызметкерлері егіс алқаптарының айналасында жыртылған жерлерді сапалы жүргізу егістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жыртылған жерлердің ені 4 метрден кем болмайтынын атап өтті. Бұл ретте азаматтардың өздері өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтаулары және қырағылық танытуы тиіс.

Сондай-ақ Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Сайрам ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп Сайрам тұрғын алабында орман және дала орман өрттерін алдын алу мақсатында егіс алқаптарында минералды жолақтары (опашка) бақыланды. Шаруашылық қожалықтардың мамандарына нұсқау беріп, өрт қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.