ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗДАН БАСТАП КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

174
0

Ағымдағы жылдың 1-наурызынан бастап Шымкенттегі қоғамдық көліктерде «Алтын алқа» «Күміс алқа» иелері, «Батыр аналар»  мен І, ІІ дәрежелі  ордендермен наградталған көп балалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады.

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылы атқарған жұмысы бойынша тұрғындар алдында есеп беру жиынында осылай деді.

Бұл туралы uakit.kz тілшісі хабарлайды.

Сондай-ақ ол,  жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар «Алтын алқа» «Күміс алқа» иелері, «Батыр аналар»  мен І, ІІ дәрежелі  ордендермен наградталған көп балалы аналарды тегін тасымалдағаны үшін жергілікті биліктен тиісті субсидия алатынын айтып өтті.

uakit.kz