МАҚТААРАЛ: СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.
Мақтааралда 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5- мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 сантиметрге төмендеген. Жаңатұрмыс ауылында бұл көрсеткіш 3 сантиметрге, Өргебас ауылының кіре берісінде 6 см-ге азайған. Арай елдімекенінде 4 см-ге азайған», деп мәлімдеді С. Қалқаманов.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.