«Ұлт ретiнде қадiрiмiздi қашыратын одақтың керегi қанша?!»

213
0

Амангелдi АЙТАЛЫ, қоғам қайраткерi:

— Ресейдiң басты мақсаты — Кеңестер одағына қайта оралу. Ортақ тiл, ортақ валюта, ортақ бiлiм. Шын мәнiсiнде олар империялық мемлекетке оралу саясатын ашық айтуда. Сондықтан, бұл жерде бiздiң мемлекет пен үкiмет басшылары, Парламент өте үлкен сақтық танытуы керек. Көбiне Еуропалық Одақ үлгi етiп алынады. Бiрақ сол Еуро Одақ валютасының қандай апат пен қаржылық дағдарысқа әкелгенiн көрiп отырмыз ғой. Сонан кейiн Еуропаның өзiнде де «ортақ тiл» деген әңгiме ұлттардың намысына тиетiндiктен, мұнай сөз ешқашан да айтылмайды, ондай мақсат қойылмайды. Сондықтан, Медведевтi орыс тұрғысынан түсiнуге болады. Ал қазақ мемлекетi жағынан оның ұсынысын қабылдау асығыстық болар едi. Өмiр өтер, кетер. Бүгiнгi адамдар қолдар. Ал кейiнгi ұрпаққа оның зардабы, салдары өте зиянды болмақ. Бұл жерде бiз өте қырағылық танытуымыз керек.

«Abai.kz» ақпараттық порталы.