Жазып едік, жауап келді

263
0

Қазақстан  Республикасы  аймағына  таралатын  қоғамдық- саяси «Уақыт» газетінің  2013 жылғы 14 ақпан №6 санында  жарияланған  «Алты балалы ана  үйсіз-күйсіз жүр» атты мақалада  көрсетілген  азаматша  М.Қадірбекованың мәселесі жөнінде   төмендегіні  хабарлаймыз.
Сарығаш  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар   бөлімі  тарапынан  көп балалы ана М.Қадірбекованың  отбасылық  тұрмыстық  жағдайына  тексеру жұмыстары  жүргізілді. М.Қадірбекованың 9 адамнан   тұратын  отбасы мүшелері  қазіргі   таңда  Сарығаш ауданы, Бірлік ауылында  бос тұрған ғимаратта пәтер жалдап тұратыны  және өзі, ұл-қыздары осы ауыл  округінде  тіркеуде  тұрмайтыны  анықталды. Бұған қосымша, зерделеу  барысында  М.Қадірбекованың  жеке куәлігі  және  ұл-қыздарының  туу туралы  куәліктері  жоқтығы  мәлім болып отыр.
Наурыз  мейрамы  қарсаңында  Бірлік ауыл  округі әкімінің   ұйымдастыруымен  округтегі демеушілер тарапынан  азық-түлік  түрінде  және  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі  ұл-қыздарына  киім-кешек  түрінде  М.Қадірбековаға отбасының төмендігіне  байланысты   көмек  көрсететіндерін  мәлім етті.
Азаматша  М.Қадірбекованың  жеке  куәлігінің  және   отбасындағы  балаларының  туу туралы  кәліктерінің  жоқтығына  байланысты  жергілікті  бюджеттен  бір жолғы   материалдық   көмекті  және  мемлекетті  тарапынан   берілетін  әлеуметтік  төлемдерді  көрсету  мүмкіншілігі  болмай отыр.
Осыған  байланысты, көп балалы  ананың  жеке куәлігінің, ұл-қыздарының  туу туралы  куәліктерін   алуына және қазіргі  таңда  тұрып жатқан  жеріне   тіркеуге   тұруға  жәрдем көрсету  жөнінде   Бірлік ауыл округі  әкіміне Сарығаш аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік   бағдарламалар бөлімі тарапынан   арнайы  хат жіберілді.
Азаматша  М.Қадірбекованың   өзінің  төлқұжаты  және  ұл-қыздарының туу туралы  куәліктері  заңға сәйкестендірілгеннен  кейін, аудандық  жұмыспен  қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі  тарапынан  мемлекеттік әлеуметтік   төлемдердің  кепілдендірілген  түрлері  көрсетілетіндігін  хабарлаймыз.
Жоғарыда  аталғандар   туралы азаматша  М.Қадірбековаға   жазбаша түрде хабардар етілді.

А.ТЕМІРБАЕВА,  
ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының  орынбасары.