ҮНДІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУГЕ НИЕТТІ

193
0

Үндістандық «Chaudhary Group (CG Global)» компаниясы Түркістан облысында бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті болып отыр, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде олар  «Қасқасу» тау-шаңғы курортын салып, соған лайық қонақ үйлер мен инфақұрылым жүйелерін тартуды жоспарлауда. Жобаны жүзеге асыру үшін Испания немесе Швейцариядан тәжірибелі мамандарды тартуды көздеп отыр. Сонымен қатар олар, Түркістан өңірінен қонақ үй алып, кеспе өнімдерінің өндірісін кеңейту және өңірде «Food Park» азық-түлік паркін құруды да мақсат етуде.

Жуырда Алматы қаласында  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев «Chaudhary Group (CG Global)» трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бинод Чаудхари жəне атқарушы директоры Варун Чаудхаримен кездескен кезде аталған алпауыт компания  өкілдері жоғарыдағыдай мәлімдеме берген-тін. Бұл басқосуға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері мен ҚР Үнді еліндегі төтенше және өкілетті елшісі Болат Сарсенбаевта қатысқан болатын.

uakit.kz