Су қоймасының пайдасы мол

179
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен, Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауылдық округінде жаңа «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Су қойма жалпы қоры 2 млн. Текше метр  суды сақтауға қауқарлы. Су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі өңірде мұндай су қоймалардың саны болашақта артатынын жеткізді.

«Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманың құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктің көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

«Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-і жүргізген. Құрылыс нысанын салуға 471,4 млн. теңге жұмсалыпты. Бүгінде су қойма ел игіліне беріліп отыр. Алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілетін болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.