АРАҚТЫҢ ЖАРНАМАСЫ АЗАЙДЫ МА?

142
0

Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында иіс сулар, косметика, гигиеналық бұйымдар мен азық түліктер ең көп жарнамаланатын өнімдер тізіміне енген екен. Тұрмыстық заттар мен техникалардың жарнамасы да көшбасшылардың қатарынан көрінген. Ал алкогольді өнімдердің жарнамасы айтарлықтай азая түскен.

Негізгі жарнама таратушы болып Евразия арнасы, 31 канал, КТК, НТК, МИР, ОҢ-TV, Жетінші арна, СТВ, ТВ-сеть TVMA, Той Думан, Almaty TV, Astana TV, Atameken Business, Balapan, Muzzone, Gakku, Hit TV, Qazaqstan, Qazsport телеарналары, Авторадио, Бизнес FM, Дорожное радио, Қазақ радиосы, Жұлдыз FM, Ретро радиосы, Шалкар радиосы, Русское радио, Тенгри FM, Europa Plus радиосы, Радио NS радиосы, Dala FM, Gakku FM, Love Radio әуе толқындары болып танылған. Ал 365info.kz, Allphones.kz, Caravan.kz, Comode.kz, Forbes.kz, Gismeteo.kz, Informburo.kz, Kapital.kz, Kolesa.kz, Krisha.kz, Ktk.kz, Nur.kz, Olx.kz, Tengrinews.kz  сынды ақпараттық агенттіктер мен порталдарда жарнама  таратушылар тарапынан көрінген. 

Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек  2019 жылдың алғашқы 6 айында да ең көп жарнама беріп, пайда тапқан телерналар «үштігіне» Евразия бірінші арнасы, 31 канал және КТК телеарнасы енген.

Радиолардан Русское радио, Love Радио және Авторадио, ал қағаз басылымдардан Harper’s Bazaar журналы, L’Officiel Kazakhstan  және Время газеті, интернет сайттардан Krisha.kz, Gismeteo.kz, Allphones.kz ең көп жарнама алған.

Жарнама нарығында көшбасшыларды анықтау бойынша жарияланған бұл рейтингте өткен жылдың қаңтар-маусым айындағы көрсеткіштер қамтылып, еліміздегі 42 бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан өнімдер сараланған. Бұл туралы Азаттық рухы жазады.

«Уақыт» газеті.