КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕГІ ОҚЫС ОҚИҒА СЫМДАРДЫҢ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУЫНАН БОЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне «Отырар» мөлтекауданындағы №6 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болып жатқаны  туралы хабарлама түседі.

Осыған орай №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына 10 минутта жеткен кезде көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде электр қалқанының ішінде электр сымдарының қысқа тұйықталып, бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.