БҮГІН 77 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

Бұған дейін Қазақстанда бір күнде осыншама адамнан вирус табылмаған.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 20 сәуір 22.15-те елде тағы 77 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Алматыда — 77 адам. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында — 7, Алматы облысында — 6, Павлодар облысында — 3, Нұр-Сұлтан қаласында — 3, Батыс Қазақстан облысында 1 адамнан вирус анықталды.

Осылайша, Қазақстанда 20 сәуірде 176 адам COVID-19 індетіне шалдыққаны белгілі болды. Бұған дейін Қазақстанда бір күнде осыншама адамнан вирус табылмаған.

Қазір елде барлығы 1852 адамнан вирус анықталды. 447 адам дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды. Қазақстанда қазір 1386 адам COVID-19 дертімен ауырып жатыр.

Алматы қаласында вирус жұқтырғандар 606 адамға жетті. Олардың біраз бөлігі — дәрігер. Өткен аптада қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда 800 адамға вирус жұғуы мүмкін деп болжаған.

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вирус инфекциясы шарықтау шегіне жеткенін, бірақ әлі шектен өтпегенін мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжайды.

Вирус жұқтырған 1852 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 386
  • Алматы қаласы – 606
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 90
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Батыс Қазақстан облысы – 64
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 50
  • Павлодар облысы – 33
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8