ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАШАН ШЕШІЛЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

121
0

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Қала әкімі шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстарының барысына тоқталып өтті.

Шаһарда инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы кезең-кезең бойынша жүргізілуде. «Бозарық» қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді.

– Бүгінде 8 елді мекенде электр энергиясы, 31 елді мекенде табиғи ғаздың сапасы жөнінде мәселелер бар. Биыл сапалы электрмен қамтуда 16, табиғи газ жүйесі бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде сапалы электрмен қамту көрсеткіші 99 пайызға, табиғи газбен қамту 94,7 %-ға өседі. Жалпы 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуаты және табиғи газбен қамту 100 пайызға орындалады, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, биыл 19 кәріз жүйесінің құрылысы атқарылуда. Нәтиижесінде, кәрізбен қамту 54 %-дан 60 %-ға дейін ұлғаяды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы, мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 12 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылып, инвесторға ұсынылды. Бүгінде инвестор тарапынан Ақниет, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20-жыл, Азат, Тұран, Асар елді мекендерінен анықталған жер телімдерін қазу, бетон құю және антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда. Ал, жеке нысан иелерімен келісу арқылы Елтай, Тоғыс, Маятас және Бозарық елді мекендеріне базалық станция орнатылып іске қосылды. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылса, 71 000 жуық қала тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтылып, жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі 95%-ға жетеді деп жоспарлануда