ЖАСТАР — ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

108
0
Бүгінде жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жатады. Олар елдің тыныс-тіршілігіне де белсене араласып, оның алға қарай даму жолында бірлесе жұмыс атқаруға алдарына міндет қойған.
Ең басты бүгінде жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру болып отыр. Осы бағытта жұмыс істеп жүрген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы да жандана түскен
Жалпы ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топ¬тастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Кеше «Достық үйі» ғимаратында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев Шымкент қаласына келіп, ұйымның Шымкент қалалық өкілдігінің мүшелерімен кездесіп, еркін форматта сұхбат құрды. Шара барысында Тимур Ғабдолұлы «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастарды белсене жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, шарада «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, өз ұсыныстарын жеткізді. Басқосуда ұйым мүшелері бірлестіктің қызметі мен ары қарайғы даму мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.
Айта кету керек, жуырда Қаратау әкімінің орынбасары Парманов Азамат Бұхарбайұлы және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Қаратау ауданының жастарымен өткен болатын. Кездесу барысында Қаратау ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар, жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттап атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру, «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту, ІТ бағыты бойынша жұмыстарды толықтыру, үйірме санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды. Азамат Бұхарбайұлы «Жастарға мемлекетіміз тарапынан көптеген мүмкіндіктер жасалынып жатыр. Президентіміздің анықтап берген жастарға арналған басымдықтарды іске асыруға, осы бағыттан жаңылмай, өткеннен өнеге ала отырып, көздеген мақсаттарымызға бірге қол жеткізуіміз қажет» деп өз ойын қорытындылады.