ӨРТ ЭЛЕКТР СЫМЫНДАҒЫ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУДАН ШЫҚҚАН

91
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Осыдан бірнеше күн бұрын дәлірегі 30-қыркүйекте жеке үйлердің ортасында орналасқан жиһаз шығаратын цехтағы алапат өрттің себебіне қатысты осылай дейді, -деп хабарлайды uakit.kz.

Оқиға байланысты цех иесіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410 бабы 3 тармағы бойынша айыппұл салынған.

Естеріңізге сала кетсек, цехтан шыққан өрт сол күні жергілікті уақыт бойынша күндіз сағат 15:26-да тұтанған. Төтеншеліктер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды бір сағат ішінде ауыздықтаған. Ресми таратылған хабарламаларда  «Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада жиһаз заттарының өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көлемі алдын ала болжам бойынша 800 шаршы метрді құраған. Ал, қойманың жалпы ауданы 2300 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген.
Цехтан өрт шыққан бойда жергілікті тілсіз жау айналаны жалмамас үшін жұдырықтай жұмылып, шеберханадағы заттарды сыртқа шығаруға көмектескен. Айта кетейік, шеберхана жеке үйлердің ортасында орналасқандықтан тұрғын үйлерге қауіп туған.

Ескерту: сурет ғаламтордан алынды