ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Биыл қала әкімі Мұрта Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес қалада инженерлік инфрақұрылым жұмыстарына баса көңіл бөлінуде, деп хабарлайды uakit.kz.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 78-де сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 3 елдімекен яғни Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауызсуды кестемен тұтынып отыр.
Бұған дейін қала басшысы бірқатар елді мекендерді аралап, ондағы инфрақұрылым жұмыстарының құрылыс барысынмен танысуда. Қазіргі кезде кала тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету және оның көрсеткіштерін арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда, яғни Құрсай, Асар-2, Текесу, Қайнарбұлақ, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтарында және Нұртас елді мекендерінде су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш нысандарды шаһар басшысы Мұрат Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етіп келеді. Жоғарыда көрсетілген елді мекендердің бірі Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары 2022 жылы соңында жоспар бойынша аяқталды.
Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су жүйесін тарту құрылысы 2023 жылы толық аяқталатын болады. Нәтижесінде, қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98% –дан – 99%-ға өседі. Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Еске сала кетейік, жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елді мекенінің инфрақұрылым жұмыстарынмен танысқан болатын. 7 560-тан астам тұрғыны бар аумақты сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен атқарылуда. 1-кезеңде 185,5 шақырымға су құбыры тартылып, бітуге жақын. Нәтижесінде 4 900 абонент сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал 2-кезеңде тартылатын су жүйесінің жалпы ұзындығы 151 шақырымды құрайды, құрылыс жұмыстарының 92% орындалды. Қараша айында 3 436 абонент, немесе жыл соңына дейін барлығы 41 680 тұрғын таза суға қол жеткізетін болады.
Айта кету керек, Шымкент қаласында соңғы жылдар сапары инженерлік инфрақұрылымын тарту жұмыстары қолға алынған. Күні бүгінге дейін қала аумағандағы бірқатар елдімекендерде сапалы ауызсу, электр жарығы, көгілдір отыны тартылып, ел игілігіне берліген.