ШЫМКЕНТТЕ 30 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Шымкентте халықты жұмыспен қамту шаралары қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 30 мынан астам адам қатысқан. 2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам болса, жұмыссыздық деңгейінің 5 пайызын құрап отыр.
Ұлыттық жоба аясында кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланса, бүгінде оған 3 354 адам оқуға жолданған. Оның ішінде 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыса, 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытылған. Ал жоспарланған меженің яғни 1 976 адамның 962-сі дағдыларға онлайн-оқыту курсынан өткен.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жоспар бойынша 3050 адамға қолдау көрсетілуі тиіс болатын, қазір 12 102 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген, яғни жоспардан тыс 4 есе орындалып отыр. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1900 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланған, бүгінде жобаға 11 492 адам оқуға тіркеліп, 6 есеге артып отыр. Сондай-ақ, 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған, қазіргі таңда 610 адамға берілген. Оның ішінде 175 адам жастар, 435 адам осал топ қатарынан. Олар 14 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 8 адам асыраушысынан айырылған, 295 адам көп балалы отбасыларының мүшелері, 67 адам мүгедектігі бар балаларға қараушы, 61 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Бұдан бөлек, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілуі тиіс болса, қазір нақты 5 044 адамға берілген. Олардың 2 236 адамы әлеуметтік жұмыс орындары жолданса, 2 236 адам жастар практикасы өту мүмкіндігін алған. Сондай-ақ, 2 357 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жөнелтілген. Ал «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы» 291 адам орналасса, 17 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасының қатысса, 18 адам«Күміс жас» жобасының шарапатын көруде.