АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ БЕТОН БАҒАНАЛАР АЛЫНДЫ

100
0

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Абай» саябағының аумағындағы жүріп өтуге кедергі келтіріп, саябақтың өңін кетіріп тұрған бетон бағаналар алынды.

Сонымен қатар 20 жұмысшы 4 техника жұмылдырылып, қураған ағаш бұталарын тазалау, қоқыстарды жинау, аяқ жолдар мен ирригациялық арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек «Абай» саябағына басқарма жоспарына сәйкес жаңадан 700 дана арша, туя, альбиция, писсарда ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылуда. Тазалау, реттеу, ағаш отырғызу, саябақты әрі қарай жандандыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты саябақтардың ирригациялық жүйелерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда Наурыз, Жайлаукөл, Абай саябақтары мен Шәмші, Нұрсат гүлзарлары және Ордабасы алаңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылуда. Сонымен қатар қала аумағындағы басқармаға қарасты 37 субұрқаққа консервациялау жұмыстары жүргізілді. Атқарылып жатқан жұмыстар басқарма тарапынан қатаң бақылауда. Мердігер мекемеге қарасты 300 жұмысшы, 52 дана арнайы техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, толассыз жауған жауын салдарынан Қаратау ауданына қарасты бірқатар елдмекендерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Ақжайық, Тассай елді мекендері, Еділбаев , Атбасар көшелері аумағында су жиналып тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.  Қазіргі таңда Нұртас елді мекені – “Шұғыла” , Бозарық 2 елді мекені – “Адыраспан”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Бозарық-3 елді мекені– “Ақбілек” , Бозарық елді мекені – “Жосалы”, Тассай елді мекені – “Әуезов” , Тұран елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс” көшелері тұрақты бақылауда. Алдын алу жұмыстарына аудан әкімі аппараты мен төтенше жағдайлар басқармасы, «Жаңа арна 2022» ЖШС тарапынан 15 техника, су сорғыш құралдар, 4 мотопомпа және 50-ге жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.