ШЫМКЕНТ: СУ АРНАЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 80%-ы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ.

Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы бітеді. Айта кететін жайт қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында. Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда. Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі. Бұған дейін шаһар басшысы қаладағы каналдардың маңызы турасында былай деген болатын «Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігін арттырады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс».