ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАЖЕТ КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

93
0

Қыс жақындаған сайын тұрғындарды жылу мәселесі алаңдатары белгілі. Бұл тұрғыдан келгенде, Шымкент қаласында жергілікті атқарушы билік тарапынан ауқымды істер атқарылды. Бүгінде көпқабатты үйлер мен мемлекеттік мекемелердің ғимараттары толық жылу жүйесіне қосылды. Ал көгілдір отын тартылмаған елді мекендер мен шағынаудандарға қажет көмір қоры да жасақталған.

Жылыту маусымына байланысты қазіргі жағдай бойынша баспасөз брифингі өткізілді.  «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 15 қазандықтар мен 17 сорғы станциялар бірқалыпты жұмыс атқарып, жылу өндіруде. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 1987 көпқабатты тұрғын үйлер мен 484 бюджеттік мекемелерге температуралық кестеге сәйкес жылу беріліп жатыр. Бюджеттік мекемелерге қажетті 4,7 мың тонна көмірге және 655 тонна сұйық отынға толық келісім-шарт жасалған, мекемелердің өтініміне сәйкес тасымалданатын болады.», — деді басқарма басшысының орынбасары А.Әбдіхалықов.  Сонымен қатар, қаладағы 4 ауданда, жылу жүйелеріне мониторинг және оперативті жөндеу жұмыстарын атқаратын 9 учаске қызмет етеді, онда 36 бригада жасақталған. Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін жылу маусымында орын алған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет 24/7 форматта (телефон номерлері БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланған: 44-81-89, 44-82-37) және бірыңғай «I-Komek-109» орталығы да 24/7 форматында жұмыс жасауда.  Айта кетейік, Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна, Атап айтқанда, бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту — 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%). 1 тонна көмірдің бағасы 15 100 — 15 300 теңге аралығында. Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз шағым түскен жоқ. Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторлар мыналар – ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ — NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.