АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАСЫНДА БІРЕР СӨЗ…

123
0

Арнаулы әлеуметтік қызметтер — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға немесе отбасына туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Шымкентте аталған бағытта қыруар іс атқарылып жатыр. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ттарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайын тарқата жазайық.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта басқармаға қарасты 9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар, орталықтарда 1019 қызметкерлер қызмет көрсетеді. Есепті 9 ай кезеңге 2 668 адам оңалту шараларымен қамтылды. 2021 жылы 2094 адам қамтылған еді. Тарқатсақ,  стационар жағдайда – 600 азамат, жартылай стационар жағдайда – 195 азамат, оңалту орталығына — 436 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 822 азамат, уақытша болу жағдайы – 187 азамат; үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 429 қызмет алушыға көмек көрсетілді. Орталықтардың жалпы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаралып, қаржының 69,7 %-ы игерілді.

Айта кету керек, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы негізінен 5 бағытта жұмыс жасайды. Олар — халықты жұмыспен қамту, ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, азаматтық құқықтық актілерін тіркеу, көші-қон мәселесі және қандастармен жұмыс жасау. Әлеуметтік саладағы бағыттарды іске асыру үшін басқармада  49 штаттық бірлік бекітілген, нақты 48 мемлекеттік қызметкер және 55 штаттан тыс қызметкерлер жұмыс атқарады. Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс істейді.