ШЫМКЕНТТІК ӨНІМДЕР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

103
0

Тұрмыстық-химиялық тауарлар шығаратын фабрика Шымкенттің экономикалық дамуына серпін беруде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте «TOP SELLER OF CHEMICAL PRODUCTS» ЖШС тұрмыстық-химиялық тауарлар шығаратын фабриканың  жұмысы қарқынды. Кәсіпорын күніне 3-5 тонна аралығында дайын өнімдер өнідерді. Фабрика екі тауар белгісімен яғни «Delix» және «MEY» бренд өнім өндіреді.  Жалпы химиялық тауарлардың 70-тен астам түрі бар.  Заманауи және білікті технологияларды қолдана отырып су сабын, сабын, кірем, көлікке арналған тазартқыштар, антисептиктер тағы басқа да тауар түрлерін шығаруда. Фабриканың бас технологы Гүлдана Есболатованың айтуынша  шығарылып жатқан өнімдердің әрқайсысы өз стандартына сай жасалуда. Мұндағы өнімдерге зиянды қоспалар немесе басқа да теріс қасиеті бар заттар қосылмайды. Барлығы да халықаралық талаппен стандарттарға сай істеледі.
Шымкенттен шығарылған өнімдер Қазақстанның барлық аймақтарына жөнелтіледі. Жеке кәсіпкерлерден бөлек 300 астам мекеме осы компания өнімдерінің тұрақты тұтынушысы болып табылады.
«Компания тек қана табыс көзін ойламай, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету. Одан бөлек, өңірдегі бірқатар спорттық шараларға қолдау көрсетіп, олардың бәсекеге қабілетті өнер көрсетуіне үлес қосу», — дейді Алмаз Толықбаев бизнесті дамыту бойынша директоры.
Айта кету керек, Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.