ӘЙ, МЕНСIНЕ ҚОЮЛАРЫ ЕКIТАЛАЙ-АУ!

374
0

Дамыған, өркениеттi елдердiң шенеунiктерiне қызығасың. Кiсiлiктерi соншалықты, көлiк таңдамайды ғой, шiркiндер. Қоғамдық көлiкке де, «шайтан арбаға» да отырады да, кете бередi. Оларына ешiрi намыстанбайды, қайта мәртебе көредi. «Көппен көрген ұлы той» дейтiндерi болар. Салыстырмалы түрде қарап көрсек, бiздiң шенеунiктер қоғамдық көлiкке мiнбептi де. Мiне қалған жағдайда намыстан жарылып кетер. Қанша айтқанмен, намысты халықтың ұрпағы емеспiз бе?

Елбасы Н.Назарбаев елiмiздегi барлық шенеунiктерге отандық көлiкке отыруды айтудай-ақ айтып келедi, бiрақ тыңдар құлақ табылмай тұр. Күнi кеше тағы айтты. Ендi iстеу керек, әлде Елбасының өзi өнеге көрсетуi керек пе?

Жоқ, «тiлалғыштар» бар екен. Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешов отандық «Skoda-SuperbBb» көлiгiне отырды. Бұл бастама әзiрге баянды болмай тұр. Қымбат көлiгiнен түссе, астындағы тағынан түскендей күй кешетiн бiздiң  шiренген шенеунiктерiмiз отандық көлiктi аса менсiне қоймайтындай. Кешегi кеңес заманында атқа мiнген ауатком төрағаларын бүгiнгi аудан әкiмдерiмен салыстырып көрiңiзшi, айырмасы жер мен көктей.

«Уақыт»-ақпарат.