ӨРТ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТКІЗУ МАҢЫЗДЫ

Егер де газ жүйелерінде қандай да бір ақау шықса қала тұрғындары 112 шұғыл нөміріне, өрт сөндіру бөліміне, қалалық «Газ инспекциясына», 104 апатты газ қызметіне немесе «ҚазТрансГазАймақ» мекемелерінің біріне қоңырау шалып, хабарлама түсірсе жеткілікті. Ең бастысы өртті дер кезінде хабарлау.
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Асқар Сейсенов Ontustik телеарнасына берген сұхбаты кезінде тұрғындарға осындай ескерту айтты.
Өз кезегінде ол ағымдағы жылдың 9 айында түркістандық төтеншеліктерге 345 хабарлама түскенін, соның ішінде 41 хабарлама өрт оқиғасы болып тіркелгенін атап өтті.
Сонымен қатар ол қалада екі өрт сөндіру депосы (№1 МӨСБ мен №39 МӨСБ) бар екенін тілге тиек етті. Екі өрт сөндіру бөлімінде қажетті техникалық құралдар жеткілікті екенін айтты. Өрт сөндіру бөлімінде құтқарушылар тәудіктің бойы әскери дайындықта болатынын, қызметкерлердің бәрі басшылық тарапынан күнделікті қадағаланып, құтқару жағдайы, өртті сөндіру бойынша дағдылары үнемі пысықталатынын жеткізді.