ШЫМКЕНТТЕ БІР АПТА ІШІНДЕ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 12 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

309
0

2022 жылғы 7 мен 13-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7797 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3266 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылған. Оның ішінде, ұрлық — 4, автокөлікті заңсыз иелену – 1, басқа да  — 7. Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1155 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде, нөлдік төзімділік бойынша – 285, жол ережесін бұзған – 723, одан басқа да 147 жайт анықталды. Жалпы Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты. Биылда қосымша 1000 бейнебақылау камералары орнату көзделген. Сонымен бірге,халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 5 айда жалпы қылмыстардың саны 19,4 пайызға азайған. Бұдан бөлек, Шымкент қаласы құрылыс басқармасының тапсырысымен биыл 74 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде: 41 көпқабатты тұрғын үй, 13 инженерлік-инфрақұрылым нысандары, 11 білім және 9 әлеуметтік нысан. Құрылыс кезінде сапа бойынша кемшіліктер орын алмас үшін жауапты техникалық қадағалаушы эксперттермен күнделікті бекітілген нысанға барып кестеге сәйкес қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың сапасын зерделеу үшін зертханалық сынақтар талап етілетінін және әр нысанға кемінде 3 техникалық қадағалаушы бекітілгенін, нысандарға бейнебақылау камералар орнатылып, онлайн режимде бақылануда.