ӨРТ ТУРАЛЫ ҚОҢЫРАУ ТЕГІН ҚАБЫЛДАНАДЫ

103
0

Ағымдағы жылдың 2-қазанында Түркістан қаласы, Сары жайлау көшесіне орналасқан жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы хабарлама сол күні сағат 18:50-де №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер сағат 19:05-те жеткен кезде тұрғын үй ауласында орналасқан жалпы көлемі 125 шаршы метр жаздық асхананың ошақ бөлмесінде 3 шаршы метр отын шырпысы және төрт шаршы метр шатыры жанғаны анықталды. Құтқарушылар келгенше өрт сөндірілген.
Оқиғаға байланысты құтқарушылар үй-жайларында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Отты абайсыз қолдану, электр сымдары мен электр аспаптарын техникалық пайдалану ережелерін бұзу,
газ құралдарын техникалық пайдалану ережелерін бұзу,
пештерді техникалық пайдалану ережелерін бұзу өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі түрі болып табылады.
Тұрғын үйлерде абайсыздан өрт шығудың басты себептері: отпен абайсыз жұмыс істеу, құрылыстардың жанында және желді ауа райында от жағу, төсекте темекі шегу, бір розеткаға бірнеше қуатты тұрмыстық электр аспаптарын қосу арқылы электр желілерін шамадан тыс жүктеу, зауытта жасалмаған электр сақтандырғыштарды, қолдан жасалған абажурларды, жарықтандыру электр шамдарын және қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын қолдану, жертөлелер мен шатырларда жанғыш сұйықтықтар мен материалдарды, түрлі тұрмыстық қалдықтарды, жиһаздарды, қағаздарды және т. б. сақтау.
Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдыру, оларға сіріңкемен ойнауға және электр және газ аспаптарын пайдалануға рұқсат беру, қосылған электр және газ аспаптарын қараусыз қалдыру жағдайлары да өрттің пайда болуына себепші болады.
Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай телефоны «101» немесе «112». Бұл нөмірге қоңырау шалу кез-келген ұялы байланыс операторларының телефондарынан, сондай-ақ үй телефондарынан жүзеге асырылады. Әрбір қоңырау тәуліктің кез келген уақытында тегін қабылданады.