ҚАУІПТІ АЛДЫН АЛУ ЕСКЕРТІЛДІ

Түркістан қаласында 30-дан аса монша бар. нысандардағы өрт өауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері «Сабина» моншасы әкімшілігіне өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын ескертті.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізде болсын, моншадағы пеш – бұл өрт қауіпті құрылыс, қауіпсіздік ережелерін бұзу, жануға әкелуі мүмкін. Пештер мен мұржалардың жарамдылығын бақылау өте маңызды. Ағаш немесе басқа да тез тұтанатын заттар пештің ыстық бөліктерінен және түтіндіктерден жеткілікті қашықтықта болуы немесе жақсы оқшауланған болуы тиіс. Күйе мен жану өнімдері, күл мен түтін жолдарында жиналуға бейім болғандықтан, пешті үнемі тазалап, пайда болған ақауларды уақытында жою қажет. Моншадан шыққан кезде барлық отынның жанғанына көз жеткізу керек.

Тағы бір маңызды ақпарат — бұл электр қауіпсіздігі: моншадағы электр желілері мен жабдықтардың жағдайын бақылау өте маңызды. Моншада электр сымдары ағаш конструкциялардың (қабырғалар, төбелер) үстінен мыс сыммен жасалуы тиіс. Электр сымдарын бөлме ішінде алюминий сыммен монтаждауға болмайды! Пайдаланылған сымның жеткілікті көлденең қимасы болуы керек. Сымдардың оқшаулағыш қасиеті екіден кем болмауы және де бұл сымдар жанбауы тиіс. Сымдар жанғыш құрылымдар арқылы өту кезінде металл құбырға салынуы керек.

Өз кезегінде басқарма инспекторлары монша әкімшілігіне жоғарыдағы сақтық ережелерін ескертті.

Өрт кезінде 101 немесе 112 шұғыл көмекке қоңырау шалу ескертілді.