ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДЕ

109
0

Шымкентте халық санының өсуі және қала аумағының кеңеюіне байланысты 2022 жылдың 7 шілдесінен бастап жаңадан Тұран ауданы құрылған болатын. Жаңа аудан қаланың батыс бөлігінде орналасқан, жалпы жер көлемі мегаполис аумағының 32%-ын, яғни 36,3 мың га құрайды. Оның ішінде 12 673,3 га жайылымдық жер болса, аудан 9 секторға бөлінген.

Жаңадан құрылған аудан құрамына орталық аумақтар мен 21 елді мекен кіреді, халық саны – 220,7 мың. Олар — Арғымақ ш/а, Ақжар ш/а, Айкөл ш/а, Ақтас ш/а, Ақтас-2 ш/а, Агропром ш/а, Жаңаталап ш/а, Қорғасын-1 ш/а, Қазығұрт ш/а, Құрсай ш/а, К.Маркс ш/а, Наурыз ш/а, Отырар ш/а, Спорт ш/а, Самал-1 ш/а, Кіші Самал ш/а, Түркістан ш/а, 112 орам, №3, №4, №8 шағын аудандары мен орталық аумақтар.
Ауданда 553 көшеде 526 көп қабатты тұрғын үй және 39 357 жеке тұрғын үй бар. Бұдан өзге Тұран аумағында 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулықа сақтау мекемесі және 5 саябақ орналасқан.
Аудан тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері бойынша мекен жайды өзгерту, яғни бұрынғы Абай, Қаратау ауданындарына қарасты тұрғындары құжаттарды қайта Тұран ауданына ауыстыру қажеттілігі талап етілмейді. Тұрғындар қолдағы бар құжаттарымен тиісті әлеуметтік көмектерді алатын болады.

Қандай да бір сұрақтар немесе құжаттандыру бойынша мәселелер туындаған жағдайда Тұран ауданының әкімдігіне жүгінуге болады.
Тұран ауданы әкімдігінің мекенжайы: Шымкент қаласы, Байтулы баба көшесі, 12А ғимарат.