МИЛЛИОН ХАЛҚЫ БАР ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА БАС ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

97
0
Алғаш рет миллиондық қаланың Бас жоспарын орындауда Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның танымал архитекторлары көлік және көше-жол желісі бойынша кеңесуге, тәжірибелерімен бөлісуге тартылды.
Бас жоспарларды әзірлеу әдістемесіне сәйкес, 2021 жылдың өзектілігімен 116 280 гектарға WGS-84 векторлық форматында заманауи топографиялық карта жасалды. Көлік және көше-жол желісі бөлімі бойынша көлік басқармасымен бірлесіп қаланың негізгі көлік қаңқасын құрайтын магистральдық көшелер мен жолдардың айқын иерархиялық радиалды-айналма жүйесі әзірленді.
Теміржол, экологияға зиянды жүктерді тасымалдау үшін, қаланың солтүстік шетінен өтеді, жолаушылар көлігі қалаға қарай жүреді. Әуежай аймағынан жаңа теміржол вокзалын салу ұсынылады. Жүйрік автобус көлігі (BRT) және жеңіл рельсті (LRT) түріндегі қоғамдық көліктің замануи түрлерін дамыту бойынша ұсыныстар берілді, перспективалы магистральдар мен көшелер анықталды, негізгі және кіші магистральдардың көлденең профильдері әзірленді. Шымкент қаласының бас жоспарларын әзірлеу тарихында алғаш рет, жеке және заңды тұлғаларға жаңа бас жоспарда ұсынылған өзгерістер мен ұсыныстар туралы заманауи және шынайы ақпарат беру мақсатында, 2022 жылғы 17 маусым мен 20 шілде күндері аралығында, «Достық үйі» ғимаратында қоғамдық талқылаулар өткізілді. Талқылаулар қоғам жұртшылығының, депутаттық корпустың, партия өкілдерінің, кәсіпкерлердің және қала әкімдігі басқармалары өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бұдан бөлек, көрмеге 2000-нан астам қала тұрғыны қатысты. Тіркелген азаматтар мен заңды тұлғалардың 149 ұсынысы белгіленді.