ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

106
0

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғимаратындағы №101 сайлау учаскесінде шешуші сәттен қалмай бір топ ардагер өз таңдауын жасады. Олардың алдының жасы, ең қартының жасы 90-ды алқымдаған. Балаларымыздың ертеңі бүгін сайланатын халық қалаулыларына және олар қабылдайтын заңдарға тікелей байланысты, дейді ақсақалдар.

– Шымкент қаласы ардагерлер кеңесіндегі азаматтар қандай да бір сайлау өтпесін, шет қалған емес. Себебі, аға буын мұндай саяси науқанның маңыздылығын жақсы біледі. Бүгінгі таңдау – Жаңа Қазақстанға бетбұрыстың бір қадамы. Сондықтан сайлаудың әділ өтуі маңызды. Қалалықтарды белсенді болып, науқанға үнін қосып, дауыс беруге шақырамын, — деді қария Шәки Құлжанов.

Сайлау учаскесі берген мәліметтерге сүйенсек, таңнан бері мұнда 100-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасаған.