АҚНИЕТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕР ДЕ ЖӨНДЕЛЕДІ, ЖАРЫҚ ТА БЕРІЛЕДІ

71
0
Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Ақниет шағын ауданында бүгінде 3 140 халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 721 жеке секторлы үй, 3 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 талшықты интернет орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.
Айта кетейік, Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің қазір 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 21 көшенің қазір екеуі ғана жарықтандырылғандықтан, 2024 жылы Сырғалы және Мейірімді, ал 2025 жылы Рауғаш, Асқартау, Сардар, Шағала, Ақбиік көшелері жарықтандырылады деп күтілуде. Айта кету керек, былтыр Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады. Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр.  2022 жылы 5,2 млрд теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам немесе жалпы тұрғындардың 36 пайызы орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам немесе 64 пайызы кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Сонымен қатар аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2021 жылға дейін ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында былтыр мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді. Қорыта айтқанда, үшінші мегаполиске қарасты ауданда қолға алынған шаруа қыруар. Нәтижесін жергілікті тқрғындар көріп те жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасын таппақ.