ЫНТЫМАҚ-2 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТЕР КӨП

81
0

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданын бұл күндері 11 мыңнан аса халық мекендейді. Шағын ауданда 67 көше және 2800 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, 1 мектеп, 3 балабақша, 5 ойын алаңшасы орналасқан.

Ынтымақ-2 аталатын елдімекендегі 67 көшенің 7-і асфальтталса, 54-іне шағал тас, ал алтауына топырақ төселген. Сондықтан бекітілген жоспарға сай келесі жылы шағын ауданда 12 көше, атап айтқанда: 1. Қайынды көшесі; 2. Дарабоз көшесі; 3. Таңнұры көшесі; 4. Имантау көшесі; 5. Іле көшесі; 6. Орда (Батыс) көшесі; 7. Жаңақоғам (Батыс) көшесі; 8. Сазсырнай (Батыс) көшесі; 9. Жоласар (Батыс) көшесі; 10. Сарқан (Батыс) көшесі; 11. Сарыжаз көшесі; 12. Голд алюминий көшесі жөнеледі деп жоспарланған. Ал, талшықты интернет желісі 2024 жылы тартылады. Сонымен қатар спорт алаңшаларын салу мақсатында шағын аудан аумағынан бүгінде жер телімі қарастырылып жатыр. Аталған елдімекен 100 пайыз электр жарығы және ауыз сумен қамтылған. Табиғи газ мәселесіне келсек, Ынтымақ-2-ге газ құбырын тарту үшін жоба құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары биыл 2023 жылы басталып, 2024 жылы аяқталады. Айта кетейік, Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаудандары. Сонымен Тұран шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегі биыл аяқталатын болады. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған. Жоба бойынша Тұран шағынауданында 2 554 тұрғын үй 2023 жылдың маусым айында табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу күтілуде. 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері де табиғи газбен қамтылатын болады. Ал, 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады.