МЕДИА САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРЫНА ШАҚЫРЫЛАДЫ

129
0

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп, отандық өнеркәсіпті танымал ету және қазақстандық тауарлардың имиджін арттыруға бағытталған «Отандық өндіріс» медиа-жобасын іске қосады.

Медиа-жоба шеңберінде электрондық және баспа БАҚ өкілдері, блогерлер, сондай-ақ өнеркәсіп талдаушылары мен қоғамдық пікір көшбасшылары үшін арнайы баспасөз турларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, жеңіл өнеркәсіп, ауыр машина жасау, электротехника, түсті металлургия, химия, құрылыс және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары туралы материалдар (сюжеттер) циклі дайындалады.

«Отандық өндіріс» жобасының негізгі мақсаты Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының оң тәжірибелерін көрсету, отандық тауарлар мен қызметтердің имиджін жақсарту, елішілік құндылық идеяларын насихаттау, республикадағы кәсіпкерлікті танымал ету.

Осы бағытта Шымкент қаласында а,ж. 16 қараша күні өткізу жоспарланған. Қатысушылар жеңіл өнеркәсіп бағытындағы — «Mega SMART» ЖШС кеңсе жиһазын өндіру, ЛДСП және жылтыр сәндік панельдер өндірісі орнына барады.

Әлеуметтік желілерде жобаны ақпараттық қолдау #Отандықтөндіріс хэштегі арқылы жарияланатын болады.

Баспасөз турына қатысу үшін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына 87025071274 (Мұхтар) байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.