ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

866
0
«Алтын бұлақ» сауда кешенінде тұрақтындыру қорының азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Оған облыс кәсіпкерлері қатысып, тұтынушыларға өз өнімдерін арзан бағаға ұсынды. Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорынан 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары қойылды.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырды. жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар нарықтағы бағадан 30-40 пайызға арзан сатылды.
Тұтынушылар азық-түліктің базар бағасынан едәуір арзан екенін айтып, ұйымдастырушыларға арнайы алғысын білдірді.
Жәрмеңкеде сатылған азық-түлік бағалары:
?1 келі шекер – 350 тг
?Тұз – 45 тг
??Картоп және сәбіз – 100 тг
?Пияз – 57 тг
?Қырыққабат – 70 тг
?І сұрыпты ұн – 190 тг
?Сары май – 2300 тг
?Сүзбе – 1300 тг
?Тауық еті — 900 тг
?Сиыр еті – 2200 тг
?Қарақұмық – 270 тг
?Күріш – 390 тг
?1 литр күнбағыс майы – 630 тг
?Сүт 270 тг
?Айран – 320 тг
?1 нан – 70 тг
?Жұмыртқа – 40 тг
?Сиыр етінің 1 келісі 2200 теңгеден, ал, тартылған ет 2300 теңгеге бағаланып, сатылды.