ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ САТЫСЫНДА АНЫҚТАУ ҮШІН НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

470
0

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау.
Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі.

🔖Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек.

📌Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар.

• жатыр мойны обыры бойынша: осы аурумен есепте тұрмайтын 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Жиілігі: 4 жылда бір рет. Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн;

*сүт безі обыры бойынша: осы аурумен тіркелмеген 40-70 жастағы әйелдер.          Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі: 60 күн;

• тоқ ішек және тік ішек ісігі бойынша: 50-70 жаста осы ауру бойынша есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн.