ТЕРІС НАСИХАТЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Жақында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты 22 жасар азаматтың ісін қарап, ҚР Қылмыстық кодексінің 164-бабы, 1- бөлімі бойынша 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын түзеу колониясының жалпы режимін де өтеуге шешім шығарып, ойланбай жасаған әрекетіне әділ баға берді.
Е.Ж. 1980 жылы туылған. Шымкент қаласының тұрғыны. Білімі жоғары. Алдын-ала анықталғандай, ол ұлттық және діни араздықты, ұлттар арасындағы алауыздықты қоздыру белгілері бар DVD дискілерді, үнпарақтарды қаладағы «Каттани» мешітінде өзгелерге таратып, насихат жүргізгені үшін ұсталған. Сонымен қатар, «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің ауласында да өзінің таныстарына теріс ағымдағы дискілерді ұсынып, танысып көрулеріне берген. Мемлекеттік саясатқа қарсы келу фактілері бар мұндай жеткізгіштерді сотталушы не үшін насихаттап жүр дегенге келетін болсақ, оның ислам мемлекетін, халифат орнату жөніндегі идеясы жанын жай таптырмағанға ұқсайды. Өз ойын мешітке жиналған таныстарына жеткізіп, теріс пиғылдағы DVD дискілерін таратып келген.
Сотта Е.Ж жасаған әрекетіне шын ниетімен өкінетінін, асырауында жасөспірім 4 перзенті барын, отбасы асырушысы өзі ғана екендігін айтып, кешірім беруін өтінгенімен, заңның аты – заң. Істеген әрекетіне орай тиісті жазасын алды.
Талғат ҚАХАРОВ,
Шымкент қаласы, Әл- Фараби аудандық сотының судьясы.