ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ҚАЖЕТ БОЛСА, АКЦИЯ СІЗГЕ МОЛ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

271
0

Қоғамның алға жылжуы мен гүлденуі үшін қоғамның саяси әрі құқықтық білімі жоғары, санасы ашық болуы тиіс. Осы орайда, аталған мақсатты көздейтін түрлі шаралардың еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымлдастырылып жатқаны бесенеден белгілі. Бұдан бөлек, құқық қорғау қызметі саласының мамандары да халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында бірқатар игі бастамаларға сеп болуда. Сондай шаралардың бірі жуырда Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында өтті.

Нақтырағы, бүгін ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» акциясының басталуына байланысты Шымкентте республикалық акция аясында қалалық көшпелі топ Абай ауданында болды. Топ құрамы Абай ауданына қарасты Жанаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ елді мекендерінде Шымкент қалалық прокуратурасының құзырлы органдарымен бірлесіп, кездесу өткізіп жатыр. Жалпы, бұл акция халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен. Халықпен тікелей кездесуде , қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтармен бетпе-бет отырып, тыңдауда. Сонымен қатар кейбір тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес беріліп жатыр. «Заң керуені» акциясы 4 қарашаға дейін созылады. Бұл тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан, мүмкіндікті мүмкіндігінше пайдалануға шақырамыз!

Жалпы әр азаматтың өз құқығын біліп, заң аясында әрекет етуі тиіс. Өз кезегінде, заңды білмей, талаптан айналып өткендер жазадан құтыла алмасы тағы белгілі. Яғни білмеу – жауапкершіліктен жалтаруға себеп емес. Ал егер құқық қорғау саласы мамандарына нақты сауалы бар азаматтар болса, аталған акция аясында өзінің көкейін тескен сұрағына жауап ала алады.