ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЖАРЫСА ЖҮГІРІП ҚОҚЫС ЖИНАДЫ

Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбі­рек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып кел­мейтін апаттар­дың жиі­леуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақ­сар­туға ба­ғыт­­­талған ке­шенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағ­­­дарлама аз емес.

Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды.

Шараға қала тұрғындары және шаһардың ерікті жастары атсалысты. Белсенді азаматтар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа түсті.

«Плоггинг» – салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни бір оқпен екі қоянды ату дегенді білдіреді. Әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал үрдіс. Физикалық қимыл қозғалыспен жасалатын бұл акция қала тұрғындарының да көңілінен шықты.

Ортақ мүдделер үшін бірлескен жұмыс – адамдарды біріктіретін жалғыз ықпалды күш. Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, әдемі болуына өз үлесін қосуы керек,-дейді тазалық шарасына қатысушы жастар.

Тазарту жұмыстары шаһардағы Президент саябағы мен Арыс-Түркістан су арнасының бойында ұйымдастырылып, аумақтары күл-қоқыстан тазаланды.

Табиғатты ластамау, қо­қысты сұ­рыптау – әр­кім­нің қолынан келе­тін іс. Алайда жиналған қалдықты кәдеге жаратып, пайдалы дүние жасап шығару – тек жасампаз адамға тән қасиет.

Қоғамның мобильді бөлігі, жаңа инновациялар көзі бастамашысы – жастар. Олар кез келген дү­ниені тез меңгереді. Жедел машық­танады. Сондықтан экологиялық проблемаларды жастармен бірлесе шешуге әрі оларды қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеуде басым­дық беру маңызды.